Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады •

    Әкімдік бейғам: Павлодар облысында 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті

    Әкімдік бейғам: Павлодар облысында 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті

    Павлодар облысы, Ақсу ауылдық аймағына қарасты Көктас ауылының маңындағы понтонды көпір тағы да су астында қалды. Өткен жылы ғана миллиондаған қаражатқа жөндеу көрген өткелдің бұл күйі жергілікті тұрғындарды тығырыққа тіреп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Тұрғындардың айтуынша, бұл көпір — олардың мал азығын дайындауға баратын жалғыз жолы. Қазіргі уақытта шөп шауып, қысқа қамданатын маусым басталғанымен, өткелдің жоқтығы жұмысты толықтай тоқтатып тастаған. Сонымен қатар бұл көпірді тек шаруалар ғана емес, жоғары вольтты электр желілерін бақылайтын энергетикалық компания қызметкерлері де тұрақты пайдаланып келген. Әлеуметтік желілерде Көктас ауылының маңынан түсірілген видео тарады.

    Бейнежазба авторы жергілікті биліктің әрекетсіздігіне қынжылыс білдірді.

    — Өткен жылы ғана жөндеуден өткен жалғыз өткеліміз, көпіріміз тағы да суға батып кетті. Су тасығаннан кейін қалай құлады, солай жатыр. Әкімге бірнеше рет жүгіндік, бірақ ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Биыл қыстан қалай шығатынымызды білмейміз. Ауыл халқы көмек сұрайды. Әкімнің жұмысына көңіліміз мүлдем толмайды, — дейді ауыл тұрғыны.

    Ақсу өңіріндегі Белая өзені арқылы өтетін бұл понтонды көпір сонау 2006 жылы орнатылған. Оны маңайдағы 4 ауылдың тұрғындары мал жайылымы мен шөп шабатын жерлерге өту үшін пайдаланады. Аталған жағдайға байланысты Ақсу қаласының әкімдігі ресми түсініктеме берді. Билік өкілдерінің сөзінше, бұл мәселе сот деңгейінде қаралған. Анықталған ақауларға байланысты ауылдық округ әкімдігі мердігер ұйымды кепілдік міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу мақсатында сотқа талап арыз түсірді. Істі қарау нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келді.

    «СтройЭталон» ЖШС көпірді қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың 25 шілдесіне дейін аяқтауға міндеттелді», – деп хабарлады Ақсу қаласы әкімдігінен.

    Әкімдік басшылығы көпірді қалпына келтіру жұмыстары бюджеттен бөлек, мердігердің кепілдік міндеттемелері аясында, яғни өз қаражаты есебінен жүргізілетінін атап өтті. Алайда шілденің соңына дейін созылатын жөндеу жұмыстары ауыл халқының пішен науқанына кесірін тигізбей қоймасы анық. Тұрғындар уәде етілген мерзімде көпірдің сапалы жөнделуін талап етіп отыр.

    Фото: видеодан скрин

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →