Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзімен жасты ма»: Жігер Ауыпбаев енесін көрсетті Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды? «Өзімен жасты ма»: Жігер Ауыпбаев енесін көрсетті Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды?

    Қоғамдық спортты дамыту: Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті

    Қоғамдық спортты дамыту: Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті

    Медицина қызметкері күніне орай өткен алғашқы қалалық спартакиадаға 300-ден астам медицина қызметкері қатысты. Алматыда өткен спартакиадаға денсаулық сақтау саласының өкілдері өнерлерін көрсетті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпараттық агенттігі.

    Алматыда алғаш рет Медицина қызметкері күніне орай медицина қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Сенім» және «Ақниет» кәсіподақтарының қолдауымен өткізді.

    Қаланың спорттық-сауықтыру кешенінде өткен жарысқа ауруханалар, емханалар, медициналық жоғары оқу орындары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінен құралған 10 командадан 300-ден астам медицина қызметкері қатысты. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд бойынша бақ сынасты.

    Спартакиаданың ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. Сондай-ақ қатысушыларға қолдау білдіріп, сәттілік тілеу үшін белгілі қазақстандық спортшылар Ислам Байрамуков пен Руслан Әбдіразақов келді.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушылар спартакиаданың игі дәстүрге айналып, алдағы уақытта жыл сайын Алматының медицина қауымдастығын біріктіретін ауқымды іс-шара ретінде жалғасатынына сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →