Теңіздегі тірес: Британия Ресейдің мұнай танкері мен 25 экипаж мүшесін тұтқынға алды

Ұлыбритания Ламанш бұғазында Ресейге тиесілі деген мұнай танкерін ұстады. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл Британияның Еуропа елдерінің  санкциясына іліккен Ресейдің мұнай танкерлерін ұстау бойынша алғашқы операциясы.

Әскер тікұшақпен келіп, кеме ішінде 6 сағат бойы тінту жасаған. Экипаж мүшелері қарсылықсыз берілген. Барлау мәліметіне сәйкес, аталған танкер Ресейдің Қиыр Шығыстағы Козьмино айлағында тіркеуде тұрған және 2025 жылдың наурызынан бері мұнай өнімдерін тасымалдап жүр.

 — Біз бұл операцияға ұзақ дайындалдық. Кемеде 25 экипаж мүшесі болды. Олар қазір Ұлттық қылмыс агенттігінің қарауында. Кемені қауіпсіз жерге апардық. Британия Ресейдің көлеңкелі флотының танкерін алғаш рет құрықтады, -деді Ұлыбритания патшалық теңіз әскері 42-командосының командирі Том Куинн. 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика