Сурет: tengrinews.kz
Алматыда Сайран көлі ауданында трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қала тұрғындары үйлердің үстінде қара түтіннің көтерілгенін және ауада күйік иісі сезілгенін хабарлады. Оқиға орнынан фото және видео материалдар түсірілуде.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, өрт Әуезов ауданы Отарская көшесіндегі трансформаторлық қосалқы станцияда болған. Өрт дамыған түрге ие болғандықтан, өрт сөндіру штабы құрылып, күштер мен құралдар жоғары ранг бойынша жұмыс істеуде. Су үздіксіз беріліп, бірнеше көбікті және сулы оқпандар қолданылуда. Ашық жалынды сөндіру мүмкін болды.
Бұған дейін Алматыда хайуанаттар бағы аумағында өрт болған еді.
