Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты •

    Алматыда пышақ пен гранатаға ұқсас зат ұстап жүрген ер адам ұсталды

    Алматыда пышақ пен гранатаға ұқсас зат  ұстап жүрген ер адам ұсталды

    Алматыдадағы Райымбек даңғылынан полиция қызметкерлері күдік тудырған ер адамды ұстады. Одан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Алматы қалалық ПД полиция қызметкерлері күмәнді әрекетімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, тексерген.

    «Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды», – деп хабарлады полиция.

    Ұсталған ер адам заттарды бұрын тауып алғанын, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүргенін мәлімдеген. Оның сөзінің растығы тексеріліп жатыр.

    Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →