Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр

    Астанада жас әйел Калашников автоматын ұстап көшеге шыққан (ВИДЕО)

    Астанада жас әйел Калашников автоматын ұстап көшеге шыққан (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан скрин

    Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам айналасындағы жұртты шошытты. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында оны анықтап, ұстап әкетті, деп хабарлайды https://qazaqtoday.info.

    Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды.

    Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды.

    «Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың алаңдаушылығын тудыратын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкелетінін ескертеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», – делінген ПД хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →