Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Жартастарға соғылған: Италия жағалауынан қазақ жігітінің мәйіті табылды

    Жартастарға соғылған: Италия жағалауынан қазақ жігітінің мәйіті табылды

    Фото: ilvibonese.it

    Италияның Вибо-Валентия провинциясындағы Бриатико жағалауында жас ер адамның мәйіті табылды.  Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Qazaqtoday.info хабарлады.

    Мәйіт 9 маусым күні таңертең теңіз жағасындағы жартастар арасынан табылған. Алғашында құтқарушылар марқұмды ұзын шашына байланысты әйел адам болуы мүмкін деп болжағанымен, кейін оның шамамен 20–30 жастағы ер адам екені белгілі болды.

    Мәйіттен қылмыс белгілері байқалмаған. Дегенмен жағалаудағы жартастарға соғылып, жарақат алған. Негізгі нұсқалардың бірі ретінде суға бату қарастырылуда.

    Қазір қаза тапқан қазақстандық жігіттің жеке басы анықталды. Ол — Нұрдәулет Машарипов, Италияда университетте оқыған, Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі  болған. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінде Дінмұхамед Мұхтаров хабарлады. Желіде тараған мәліметке сәйкес, жігіт теңізде суға батып қайтыс болған.

    Қазір оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін отбасы қаражат жинап жатыр. Бұл шығын шамамен 8000 еуро (шамамен 4,5 млн теңге) деп көрсетілген.

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты көңіл айтып, Италиядағы елшілік пен жергілікті билік өкілдері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →