Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр

    «Құрбыларын құтқармақ болды»: БҚО-да суға кеткен үш түлектің қазасына қатысты тың деректер айтылды

    «Құрбыларын құтқармақ болды»: БҚО-да суға кеткен үш түлектің қазасына қатысты тың деректер айтылды

    Фото: Qaz365.kz

    Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Кіші Өзен өзенінде суға кеткен үш мектеп түлегінің қазасына қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 17 жастағы Ұлдана Рафих, 16 жастағы Гүлхан Тұраш және 16 жастағы Нұртас Жолдығали қорытынды емтихандар аяқталғаннан кейін табиғат аясында демалуға шыққан.

    Qaz365.kz мәліметінше, өзен жағасында барлығы бес жасөспірім – үш қыз бен екі жігіт болған. Қайғылы оқиға кезінде алғаш болып көмекке жақын маңдағы жасөспірімдер ұмтылған. Олар суға кеткендердің бірін құтқарып қалғанымен, үш түлекті аман алып қалу мүмкін болмаған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздардың бірі құрбыларын құтқаруға тырысқан.

    «Үшеуі де сабақты жақсы оқыды. Биыл олардың сыныбында небәрі тоғыз түлек болды. Бесеуі үйлеріне жақын жердегі өзенге демалуға барған. Айтуынша, қыздардың бірі өзгелерді құтқармақ болып, өзі де суға кеткен. Жанындағы жігіт те олармен бірге қаза тапты. Бұл – бүкіл ауыл үшін орны толмас қасірет», – деді ауыл тұрғыны.

    Тағы бір ауыл тұрғынының айтуынша, жасөспірімдерді демалыс орнына таныстарының бірі «Niva» көлігімен апарып тастаған.

    «Ол балалардың суға түсетінін білмеген. Кейін қайғылы жағдай болды. Екі адам құтқарылды, ал үшеуі суға батып кетті. Қаза тапқандардың бірі – оның туған қарындасы», – деді ол Qaz365.kz-ке.

    Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың сөзінше, қаза болған қыздардың бірі ауылдық учаскелік полиция инспекторының қызы болған.

    Құтқарушылардың мәліметінше, екінші мәйіт сағат 19:25-те, ал үшінші мәйіт 19:42-де судан шығарылған.

    Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →