Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр •

    Туризмді дамыту: Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

    Туризмді дамыту: Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

    Алматыға әлемге танымал канадалық цирк компаниясы Cirque du Soleil келді. Атақты ұжым 11-14 маусым аралығында Almaty Arena сахнасында өз өнерін көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Аңызға айналған труппаның гастрольдік сапары биылғы жаздың ең жарқын мәдени оқиғаларының біріне айналып, Қазақстан мен шетелден келетін көрермендердің қызығушылығын тудырады деп күтілуде.

    Алматыға келген уақытта Cirque du Soleil артистері мен өкілдері Шымбұлақ тау курортында және қаланың бірқатар туристік нысандарында болды. Қонақтарды мегаполистің туристік мүмкіндігімен таныстырған Almaty Tourism Bureau командасы.

    Cirque du Soleil – әлемдегі ең танымал шоу-жобалардың бірі. Компания ондаған елден келген артистерді біріктіріп, цирк өнерін, театрды, музыканы және заманауи технологияларды үйлестірген ерекше қойылымдарымен танымал. Дәстүрлі цирктерден айырмашылығы, Cirque du Soleil бағдарламаларында жануарлар пайдаланылмайды. Барлық қойылым артистердің шеберлігіне, акробатикаға, хореографияға және әсерлі визуалды шешімдерге негізделген. Компанияның өнерін осы уақытқа дейін алты құрлықта 400 миллионнан астам көрермен тамашалаған.

    Осындай халықаралық мәдени іс-шаралар оқиғалық туризмді дамытуда маңызды рөл атқарып, шетелдік туристерді тартуға және Алматының халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға ықпал етеді. Болжам бойынша, 2026 жылы қалаға келетін шетелдік туристер саны 800 мың адамнан асып, мегаполис үшін жаңа рекордтық көрсеткішке жетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →