Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Жағдайы ауыр: Семейде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Жағдайы ауыр: Семейде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Фото: rg.ru

    Семей қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға 8 маусым күні сағат 21:50 шамасында Өскемен көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2109 маркалы автокөлікті басқарған 28 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

    Жол апатының салдарынан зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

    Аталған факті бойынша жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →