Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды

Алматының туристік стенді Сеулдегі халықаралық көрмеде марапатқа ие болды

Алматының туристік стенді Сеулдегі халықаралық көрмеде марапатқа ие болды

Алматының туристік экспозициясы 2026 жылғы 4-7 маусым аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында өткен Seoul International Travel Fair (SITF) 2026 халықаралық туристік көрмесінде халықаралық марапатқа ие болды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Көрмеге әлемнің 40 елінен келген 423 ұйым қатысып, өздерінің туристік мүмкіндігін 518 стендте таныстырды.

Алматының экспозициясы келушілерге қаланың табиғи бағыттарын, мәдени көрікті жерлерін, гастрономиялық ерекшелігін және туристік инфрақұрылымын таныстырды. Сондай-ақ өнерпаздардың өнер көрсетуі, ұлттық киімдер мен қазақтың ұлттық тағамдарынан ұйымдастырылған дәм тату шарасы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді экспозицияның мазмұндық тұрғыдан үздік безендірілуі мен таныстырылымы үшін берілетін The Best Booth Content Award халықаралық сыйлығымен марапатталды.

SITF 2026 ұйымдастыру комитетінің өкілі Ли Сон Хо келушілердің Алматы экспозициясына жоғары қызығушылық танытқанын атап өтті.

«Алматы біздің көрмеге жыл сайын қатысады. Соңғы жылдары Кореяда Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Алматы стенді жоғары деңгейде дайындалуымен ерекшеленіп, көрменің ең көп келуші жинаған әрі белсенді алаңдарының біріне айналды», – деді ол.

Оңтүстік Корея Алматы үшін ең қарқынды дамып келе жатқан туристік нарықтардың бірі болып қала береді. 2025 жылы қалаға бұл елден 23 мыңнан астам турист келген.

Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, халықаралық көрмеге қатысу Алматының туристік әлеуетін шетелдік аудиторияға кеңінен таныстыруға және Шығыс Азиядағы маңызды нарықтардың бірінде қаланың танымалдылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →