Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Софья Берульцева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Софья Берульцева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі

    Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды

    Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды

    Фото: Оқу-ағарту министрлігі

    Түркістан облысының Мақтаарал ауданының түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алып, өз білімінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді, деп деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Беделді халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған.

    Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін көрсетті.

    Мектеп қабырғасында ол үздік оқушылардың қатарынан көрініп, ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысты. Ағылшын тілі пәнінен «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленіп, республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанды.

    Қазіргі таңда Нұрәлі Медина өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр. Ол сапалы халықаралық білім алып, болашақта жинаған тәжірибесі мен білімін ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →