Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтын Шагаева Астанадағы әлем чемпионатында медальсыз қалды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Алтын Шагаева Астанадағы әлем чемпионатында медальсыз қалды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды •

    Түркияда жантүршілік жол апатынан 8 адам қаза тапты

    Түркияда жантүршілік жол апатынан 8 адам қаза тапты

    Түркияда жолаушылар мінген автобус өртеніп, адам шығынына әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Түркияның Денизли – Айдын автомагистралінде жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Измирден Антальяға бағыт алған автобус Тырказ ауданы маңында жол апатына ұшырап, кейіннен өртенген.

    Ақпаратқа сәйкес, автобус алдымен жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Соққыдан кейін көлікте өрт шығып, оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметтері жұмылдырылды. Апат болған жерге дәрігерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен жандармерия өкілдері жеткен.

    Алдын ала деректер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 8 адам көз жұмды. Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі мен тоғыз айлық сәби де бар. Сонымен қатар, 33 адам жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

    Белгілі болғандай, автобус ішінде 38 жолаушы және тасымалдаушы компанияның үш қызметкері болған. Қаза болғандардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жолданды.

    Төтенше жағдай қызметтері жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртенген автобус оқиға орнынан шығарылды. Апатқа байланысты Денизли бағытына қарай қозғалыс шамамен төрт сағатқа тоқтатылып, кейін жол толық тазартылған соң көлік қатынасы қайта қалпына келтірілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →