Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды •

    Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді: Enigma вокалисі сахнаға шығады

    Алматыда 7 маусым күні The Spirit of Tengri халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді. Арнайы қонақ – Enigma тобының вокалисі Andru Donalds. Кіру тегін.

    Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді: Enigma вокалисі сахнаға шығады

    Алматыда 7 маусым күні Абай алаңында The Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараның басты қонағы – бүкіл әлемге танымал Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін фестивальге кіру тегін деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл шара – Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрерменді жинайтын ірі open-air жобалардың бірі. The Spirit of Tengri фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен келген орындаушылардың басын қосып, world music, ethno fusion секілді заманауи этникалық музыканың үздік үлгілерін ұсынады.

    Биыл ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және отандық этно-сахнаны дамытуға ерекше назар аударып отыр. Осы мақсатта алғаш рет этно, фолк және contemporary world music жанрларында өнер көрсететін жергілікті музыканттар мен топтар үшін open call жарияланды. Өтінімдер 26 мамыр мен 1 маусым аралығында фестивальдің ресми сайтында қабылданады.

    The Spirit of Tengri фестивалі алғаш рет 2013 жылы өткізіліп, содан бері Орталық Азияның маңызды мәдени оқиғаларының қатарына енді. Жоба халықаралық деңгейде де танылып, 2017 жылы bema! (Best Experience Marketing Awards) сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған болатын.

    Фестиваль аумағында 7 маусым күні сағат 12:00-ден бастап демалыс аймақтары, Ethno Market жәрмеңкесі, тамақтану алаңдары (foodcourt) және серіктестердің интерактивті нүктелері жұмыс істейді. Музыкалық бағдарламаның басталуы кешкі сағат 18:00-ге жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →