Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады •

    500 адамды қабылдайды: Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

    500 адамды қабылдайды: Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

    Алматыда жаңа форматтағы заманауи емхана салынып жатыр. Бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын денсаулық сақтау нысаны «Шұғыла» шағынауданында орналасқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл Наурызбай ауданының қарқынды өсіп келе жатқан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба Алматының денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған.

    Ғимараттың жалпы аумағы 12,7 мың шаршы метр болады. Емхана үш қабатты. Мұнда педиатрия, терапия, хирургия бөлімдері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және оңалту орталығы қарастырылған.

    Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше, нысан озық медициналық техникамен жабдықталады. Емханада МРТ, КТ, маммография, рентген кабинеттері және автоматтандырылған зертхана бөлімшесі жұмыс істейді.

    Жоба барысында келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берілген. Балалар мен ересектерге арналған кіреберістер бөлек жасалып, бұл пациенттер легін тиімді ұйымдастыруға және кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен жеделсатылар орнатылады.

    Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 40 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Сонымен бірге іргелес аумақты көркейту және көгалдандыру жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Емхананы 2026 жылы қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →