Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған •

    Ұрпағың жетесіз болса, құрбанның пайдасы қайсы?: Нұрлан имамның маңызды үндеуі қызу талқыланып жатыр

    Ұрпағың жетесіз болса, құрбанның пайдасы қайсы?: Нұрлан имамның маңызды үндеуі қызу талқыланып жатыр

    Фото: alash.kz

    Белгілі дінтанушы Нұрлан имам Байжігітұлы бұл мейрамның мәні тек мал шалумен шектелмейтінін ескертті. Имамның пайымдауынша, адам баласы үшін ең үлкен әрі маңызды құрбандық — ар-намысты, иманды және саналы ұрпақ өсіру. Имам құрбан айт туралы «Жібек жолы» радиосына берген сұхбатында айтты.

    Нұрлан имам адам қанша жерден құлшылық жасап, мал шалғанымен, егер отбасындағы тәрбие ақсап тұрса, оның қоғамға да, өзіне де пайдасы шамалы екенін ашып айтты:

    «Сіз жыл сайын Құрбан айтта ірі қара немесе түйе шалсаңыз да, артыңызда қалған ұрпағыңыз имансыз, ар-намыссыз, тілсіз, жетесіз болса, ол құрбандықтың сізге қалай көмегі тимек? Бүгінгі таңдағы құрбандықтың ең үлкені – балаңа дұрыс тәрбие беру», — деді ол. 

    Дінтанушы өз сөзінде хакім Абайдың мына бір ғибратты ойын мысалға келтірді: «Артыңдағы балаң жаман болса, қай балаңның дұғасы саған жәрдем береді? Сен өзің жаман болсаң, қай балаңның дұғасы сені құтқарады? Егер өзің жақсы болсаң, қай қазақ саған дұға қылмайды?»

    Биыл мұсылманның ұлық мерекесі — Құрбан айт 27, 28 және 29 мамыр күндеріне сәйкес келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →