Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді •

    Назарбаевтың жүрегіне жасалған ота: University Medical Center ресми мәлімет берді

    University Medical Center Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпаратты ескірген деп атады. Экс-президенттің жағдайы тұрақты екені хабарланды.

    Назарбаевтың жүрегіне жасалған ота: University Medical Center ресми мәлімет берді

    Сурет: politico.kz

    University Medical Center корпоративтік қоры Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Медициналық орталық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерді «ескірген әрі өзектілігін жоғалтқан» деп атағанымен, операцияның болғанын тікелей жоққа шығармады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Орталықтың баспасөз қызметі қоғамды жалған немесе ескірген ақпарат таратпауға шақырды. Дегенмен, операцияның өзіне қатысты нақты теріске шығару болмағандықтан, оның нақты қашан жасалғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

    Бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевқа жүрегіне операция жасалғанын растаған болатын. Сондай-ақ танымал кардиохирург Юрий Пя процедураның сәтті өткенін мәлімдеген еді.

    Дәрігердің айтуынша, ота өткен жылы жоспарланғанымен, экс-президенттің жұмыс кестесіне байланысты кейінге шегерілген. Шамамен екі жарым сағатқа созылған процедурадан кейін науқастың жағдайы тұрақты екені және өміріне қауіп төніп тұрмағаны айтылды.

    Мамандар оңалту процесі жоспар бойынша жүрсе, Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын күндері медициналық орталықтан шығарылуы мүмкін екенін болжайды. Айдос Үкібай да экс-президенттің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің бақылауында екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →