Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    20 млн теңге: «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

    20 млн теңге: «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынатын «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау биыл 1-15 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

    Өтінімді kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан «Almaty Jastary» сервисі арқылы 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жолдауға болады. Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

    Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай шарттар ұсынылады:
    — несие көлемі 20 миллион теңгеге дейін;
    — жылдық мөлшерлеме — 5%;
    — бастапқы жарна — 10%;
    — бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі.

    Жобаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

    Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
    — Алматы қаласында кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде болу;
    — соңғы бес жылда үміткердің және оның отбасы мүшелерінің атында тұрғын үйдің болмауы;
    — Алматыда кемінде алты ай ресми жұмыс өтілі мен міндетті зейнетақы аударымдарының болуы.

    Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлеріне, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандарына, журналистерге, әлеуметтік сала өкілдеріне, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.

    Бағдарлама туралы толық ақпаратты kezekte.kz сайтындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінен табуға болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 225-14-57.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →