Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы •

    Құбыр шыдамаған: Ақтаудың қақ ортасында төрт қабатты үйдің биіктігіндей «гейзер» атылды

    Құбыр шыдамаған: Ақтаудың қақ ортасында төрт қабатты үйдің биіктігіндей «гейзер» атылды

    Фото:  Lada.kz

    Ақтау қаласының 29-шағын ауданында ыстық су құбыры жарылып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.  

    Көкке атқылаған судың биіктігі төрт қабатты үймен теңесіп, айналаны су басты. «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі бұл жағдайды жоспарлы гидравликалық сынақтармен түсіндірді. Мамандардың айтуынша, мұндай сынақтар кезінде құбырлардың шыдас бермей, жарылуы мүмкін екен.

    Апат болған жерде ыстық су беру уақытша тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Десе де, қала ортасындағы мұндай көрініс халықтың наразылығын тудырып үлгерді. Тұрғындар әлеуметтік желіде тозығы жеткен инфрақұрылымның жайын айтып, дабыл қағуда.

    Сала мамандары болса, мұны келер жылыту маусымына дайындық деп сабырға шақырады. Шын мәнінде, халықтың қауіпсіздігі мен жайлылығы сынақтан өткен құбырлардан әлдеқайда маңызды емес пе? Жауапты мекемелер келесі жолы мұндай «тосынсыйдың» алдын алу керек деп санайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →