Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы •

    Американы бағындыру: қазақ қымызы Нью-Йоркте өткен байқауда алтын жүлдені жеңді

    Американы бағындыру: қазақ қымызы Нью-Йоркте өткен байқауда алтын жүлдені жеңді

    Фото: gov.kz

    SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 байқауында алтын марапатқа ие болды, деп  хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы.

    Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың концептуалды дизайны аталымы бойынша жеңімпаз атанып, әлемнің түкпір-түкпірінен түскен 1500-ден астам өтінімді басып озған. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті.

    SAF Qymyz — дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде қайта ұсынған жоба. Авторлар алюминий банкасының дизайнын қазақтың дәстүрлі кесесінің пішінінен шабыттанып жасаған.

    Ал «SAF» атауы қазақ тіліндегі «саф» — «таза» сөзінен шыққан.

    DIELINE Awards қаптама дизайны бойынша әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі Қазақстанның креатив индустриясы үшін маңызды жетістік болып, алматылық жобалардың халықаралық деңгейге шығып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, мұндай жобалар Алматыны ұлттық мәдениет дизайн, гастрономия және шығармашылық индустрия арқылы жаңа қырынан танытатын заманауи креативті орталық ретінде насихаттауға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →