Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады •

    Ақтауда 7 жасар баланың басы қақ жарылып қалған

    Ақтауда 7 жасар баланың басы қақ жарылып қалған

    Ақтауда дәрігерлер басына темір құбыр құлаған 7 жастағы баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлады.

    Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дерегінше, Құрық ауылынан келген бала 10 мамыр күні ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оқиға салдарынан оның басына темір құбыр құлаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын аса ауыр деп бағалаған.

    Тексеру барысында балаға ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің көп жарықшақты жаншылып сынуы, ми жарақаты, пневмоцефалия, ликворея, мидың қатты ісінуі, ауыр травмалық шок және постгеморрагиялық анемия диагноздары қойылды.

    Дәрігерлер екі сағаттан астам уақытқа созылған күрделі ота жасап, бас сүйегіне трепанация жүргізген. Операция кезінде жаншылған сүйек сынықтары алынып, қатты ми қабығына пластика жасалған.

    Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақталған. Ол есін жиып, өздігінен тамақтанып, ата-анасын тани бастаған. Соған қарамастан, дәрігерлер оның жағдайын әлі де жіті бақылауда ұстап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →