Шымкенттегі шу: жаңадан төселген жолдың опырылуы халықтың ашуын туғызды

Шымкентте жұрттың ашуын туғызған видео тарады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Кадрдан жаңадан жасалған жолдың ортасы отырып, люк маңы үгітіліп жатқанын көруге болады. Тұрғындар мұндай сапасыз жұмысты “жаңбырға да шыдамаған жол” деп сынап жатыр.

Әлеуметтік желіде “қабылдап алғандар қайда қараған?” деген сұрақ көбейді. Кейбір қала тұрғындары бюджет қаржысының жұмсалуына күмән келтіріп отыр.

Видео астындағы пікірлерде мердігер компанияны тексеру керек деген талап та айтылған.
Әзірге жауапты мекемелерден ресми түсініктеме берілген жоқ.

Желі қолданушылары бұл жағдайды Шымкенттегі жол сапасының кезекті мәселесі деп бағалауда.
Қалада жаңадан салынған жолдардың сапасына қатысты дау бұған дейін де бірнеше рет көтерілген еді.

Фото: видеодан кадр

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика