Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    «Балапан» арнасының экс-продюсері зорлық жасады»: Актер Нұрғали Нұғманның мәлімдемесі

    Актер Нұрғали Нұғман «Балапан» телеарнасының бұрынғы продюсері тарапынан сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеді. Ол оқиғаның мән-жайын айтып берді.

    «Балапан» арнасының экс-продюсері зорлық жасады»: Актер Нұрғали Нұғманның мәлімдемесі

    Сурет: sn.kz

    Актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын «Балапан» телеарнасында жұмыс істеген продюсер тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оқиға ол кәмелетке толмаған кезінде болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Нұғманның сөзінше, кино саласына келуіне көмектескен туысы болып келетін продюсер оны түсірілімнен кейін кабинетінде қалдырып, зорлық көрсеткен. Кейін «бұл туралы біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың» деп қорқытқан.

    Актер бұл оқиғаның өзіне психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болғанын, тіпті суицид туралы ойларға жетелегенін айтады. Арада жылдар өткеннен кейін ол осы жайт туралы ашық айтуға бел буған.

    Әлеуметтік желіде тараған бұл мәлімдемеден кейін қоғам белсенділері мен желі қолданушылары продюсердің аты-жөнін жария етуді және оның қазір балалармен жұмыс істейтін-істемейтінін тексеруді талап етуде. Айта кетейік, Нұрғали Нұғман он жыл бұрын балалар рөлдерімен танылып, кинофестивальде «Үздік актер» номинациясын жеңіп алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →