Түркияда 27 жастағы қазақ жігіті қаза тапты

Фото: iha.com.tr

Түркияның Анталия қаласында 27 жастағы қазақстандық жігіт қаза тапты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы IHA порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, А.С. басқарған такси сол бағытта келе жатқан 27 жастағы Кубат Аманбеков мінген велосипедпен соқтығысқан. Жол апаты түнгі сағат 03:00 шамасында Серик ауданындағы Белек туристік жолында болған.

Соққының қатты болғаны соншалық, велосипедші жолға ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиғаны көрген куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде Кубат Аманбековтің көз жұмғанын анықтады. Оның бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істегені белгілі болды.

Марқұмның денесі сараптама жүргізу үшін Анталия сот-медициналық сараптама мекемесінің мәйітханасына жеткізілді.

Ал такси жүргізушісі А.С. түсініктеме беру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір жол апатына байланысты тергеу басталды.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика