Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр •

    «Мешітке түнеген»: Астанада жоғалған жасөспірім табылды

    «Мешітке түнеген»: Астанада жоғалған жасөспірім табылды

    Астанада 9 мамырда жоғалған жасөспірім қала маңындағы ауылдардың бірінен табылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ата-анасымен арадағы келіспеушілік салдарынан ол үйінен кетіп, мешітте түнеген.

    Ведомство хабарлауынша, 9 мамыр күні полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түскен. Ата-анасы жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін ол ата-анасымен түсінісе алмағандықтан, өз еркімен үйден кетіп қалғаны белгілі болған.

    «Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды. Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады. Нәтижесінде полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды», — делінген хабарламада.

    Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →