Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

    Хан тамада: аты шулы ерекше видеосымен елге танылған әйел баласынан айырылып қалды (ВИДЕО)

    Хан тамада: аты шулы ерекше видеосымен елге танылған әйел баласынан айырылып қалды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан алынды

    Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиінен айырылып қалғанын жазып, жан сырын ақтарды.

    «Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы.,. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды», – деп жазды ол. 

    Сондай-ақ Алма соңғы жағдайлардың әсері өзінен бұрын баласына тигенін айтты.

    «Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рахмет», – деді ол. 

    Желі қолданушылары Алмаға қолдау білдіріп, көңіл айтуда. Сонымен қатар ол дәрігерлерге алғысын жеткізді.

    «ОПЦ гинекология бөлімінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне үлкен рақмет! Дәрігерім @mukashevaluiza үлкен алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жылы қарым-қатынастарыңыз үшін мың алғыс. Әр пациентке түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше ризамын», – деп жазды Алма.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →