Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр

    Қазақстан су добынан жағажайдағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

    Қазақстан су добынан жағажайдағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

    Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Шешуші матчта ұлттық құрама Оңтүстік Корея командасымен кездесті.

    Жағажай Азиадасындағы соңғы ойында қазақстандық спортшылар қарсыласын 3:0 есебімен ұтты (4:2, 2:1, 3:2). Осы жеңістің арқасында команда қола медальға қол жеткізді.

    Айта кетейік, Саньядағы су добы жарыстары айналмалы жүйе бойынша өтті, яғни әр команда бір-бірімен кездесті. Қазақстан құрамасы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, екі ойында жеңіліп қалды.

    Жағажайдағы Азия ойындарында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлде саны жетіге жетті. Бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков чемпион атанса, су добынан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Батыр Теңізбай, Сейілхан Болатбек және Әлинұр Қуатұлы джиу-джитсудан қола жүлдеге ие болды. Ал Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден үздік үштікті түйіндеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →