Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жыл түрмеде отырады

    Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жыл түрмеде отырады
    Фото: AP Photo / Kim Hong-Ji

    Оңтүстік Кореяның апелляциялық соты бұрынғы бірінші ханым Ким Гон Хиге шығарылған жазаны қатаңдатты. Осылайша 20 айлық түрме жазасы 4 жылға өзгерді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Сот айыпталушыны  4 жылға бас бостандығынан айырып, 50 миллион вон (34 мың доллар) көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады», – делінген Сеул Жоғарғы сотының үкімінде.

    Сот Ким Гон Хиді оңтүстіккореялық Deutsch Motors автодилерінің акция бағасын қолдан көтеруге бағытталған айла-шарғыға қатысы бар деп таныды. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 810 млн вон пайда тапқан. Іс материалдары айыпталушының мұндай заңсыз әрекеттерге тікелей атсалысқанын көрсеткен.

    Қамауда отырған экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы қаңтар айында пара алғаны үшін 20 айға сотталған болатын. Ол бір ұйымнан қымбат сыйлықтар алған. 53 жастағы Ким бұл үкімге шағым түсіріп, кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты. Ал прокуратура жазаны тым жеңіл деп санап, екінші эпизод бойынша ақтау шешіміне де қарсылық білдірді.

    Бұрынғы бірінші ханым кінәсін мойындамады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →