Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды • AI & Digital Bridge 2026: Қазақстанның технологиялық болашағы талқыланды • Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды • AI & Digital Bridge 2026: Қазақстанның технологиялық болашағы талқыланды • Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі •

    Тоқаев жасанды интеллект байқауының жеңімпаздарын марапаттады

    Тоқаев жасанды интеллект байқауының жеңімпаздарын марапаттады

    Фото: Ақорда

    Президент жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    alem.ai battle жарысының жеңімпаздары 4 аталым бойынша анықталды:

    – AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;

    – AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;

    – AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;

    – Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.

    Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі («AI Қауіпсіздік» аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі («AI Экономика»), Астана қаласының әкімдігі («AI Әлеуметтік саясат»), Ақмола облысының әкімдігі («AI Өңір»), Қарағанды облысының әкімдігі («AI Азаматтарға қызмет») және «KEGOC» АҚ («AI Квазимемлекеттік сектор») топ жарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →