Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды •

    Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасында кім жеңіске жетті?

    Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасында кім жеңіске жетті?
    Фото: Ақпарат және мәдениет министрлігі

    Қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті. Өнерпазды жеңісімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Министр өз құттықтауында өнерпаздың таланты, табандылығы мен сахнадағы шеберлігі халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, Нұржастың жетістігі – қазақ өнерінің абыройын асқақтатқан маңызды оқиға.

    Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты, — деді Аида Балаева.

    Министр жас өнерпазға алдағы шығармашылық жолында жаңа жетістіктер тілеп, қазақ өнерінің халықаралық деңгейде дами беруіне сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →