Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы ауыр деген қауесетке байланысты оның халыққа үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Иранның Tasnim агенттігі таратқан бұл үндеу Батыс барлау қызметтерінің «көшбасшы қызметке жарамсыз» деген ақпаратын іс жүзінде жоққа шығарып отыр.
Хаменеи өз сөзінде Тегеранның әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды Ормуз бұғазын басқару саясатын қайта қарайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ пен Израильмен арадағы әскери қақтығыс кезінде келтірілген залал үшін өтемақыны қатаң талап ететінін ескертті.
«Тегеран Ормуз бұғазын басқару тәсілін қайта қарайды және АҚШ пен Израильмен әскери қақтығыс кезінде келтірілген залал үшін өтемақыны қатаң талап етеді», – делінген көшбасшының үндеуінде.
Ормуз бұғазы – Таяу Шығыс мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын негізгі су жолы. Бұл аймақтағы кез келген тұрақсыздық жаһандық энергетика бағасына тікелей әсер етеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
