Қарағандыға жету мұңға айналды: екі күннен бері жолды көлік тығыны «жұтып» тұр

Фото: видеодан скрин

Қарағанды маңында көлік қозғалысы күрт қиындап, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Ақтас, Сарань және қала маңындағы елді мекендерден шығу екі күн қатарынан үлкен мәселеге айналған. Жолда ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болып, қозғалыс баяулаған.

Куәгерлердің айтуынша, кей учаскелерде көліктер сағаттап орнынан қозғалмай тұр. Жүргізушілер айналма жол іздегенімен, жағдай барлық бағытта бірдей күрделі.

Әлеуметтік желіде тұрғындар бұл жағдайды жол жөндеу мен ұйымдастырудағы кемшілікпен байланыстырып отыр. Кейбірі «күнде осылай болса, жұмысқа жету мүмкін емес» деп шағымдануда.

Қоғамдық көліктер де лық толып, адамдарға қосымша қиындық туғызған. Жауапты органдар әзірге нақты түсініктеме бермеді.
Мәселе қашан шешілетіні белгісіз, ал тұрғындар күн сайын уақыт жоғалтып жатыр.

Дереккөз: denski_blog

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика