Фото: видеодан скрин
Global Firepower халықаралық рейтингіне сәйкес, Қазақстанның Әскери-әуе күштері Орталық Азиядағы ең қуатты күштердің бірі болып саналады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
2025 жылғы дерек бойынша, ел 145 мемлекеттің ішінде 57-орында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірдегі көршілері — Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан озып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, Global Firepower рейтингі 60-тан астам факторды қамтиды. Олардың қатарында техникалық жабдықталу деңгейі, логистика және адам ресурстары бар.
Қазақстан армиясы артиллерия саны бойынша әлемде 17-орында. Сонымен қатар, техникалық жабдықталу деңгейі жоғары. Ел өңірде қорғанысқа жұмсалатын шығын көлемі бойынша да көш бастап тұр — жан басына шаққанда шамамен 288 долларды құрайды.
Әлемдік рейтингте көш басында АҚШ тұр. Бұл елдің әскери бюджеті 800 миллиард долларды құрайды. Екінші орында — қуатты ядролық арсеналы мен дамыған қорғаныс өнеркәсібі бар Ресей, ал үшінші орында — әлемдегі ең үлкен армияға ие Қытай. Рейтингтің соңында 145-орында Бутан мемлекеті орналасқан.
2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойып, авиациялық құрамның басқару жүйесін күшейтті.
2026 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштері басшылығы құрамында кадрлық өзгерістер жасады. Махсұт Гусейнов Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Ал Бағлан Үсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне келіп, бұрынғы басшылықты алмастырды.
