Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады • Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады •

    «Келе ғой, айналайын»: Абай облысында айдаладан 3 жасар бала табылды

    «Келе ғой, айналайын»: Абай облысында айдаладан 3 жасар бала табылды

    Фото: видеодан скрин

    8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Осы сәттен бастап барлық күш дереу жұмылдырылды.

    Полицейлер даланы, әрбір жерді мұқият тексерді, себебі әр минуттың маңызды екенін түсінді.

    Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланы байқаған – ол елдімекеннен алыс жерге кетіп қалған.

    «Осылайша сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден аман-есен табылды. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

    Бұл оқиға үйлесімді әрекеттің, ұсақ-түйекке дейін мән берудің және жедел әрекет етудің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →