Қазақ балуаны қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, қола жүлде алды

Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ел қоржынына кезекті медальді салды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тұрсынов қола медаль үшін өткен белдесуде түрікменстандық Дәулетмұрат Байрамовпен күш сынасты. Отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Нұрсұлтан Тұрсынов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Бүгін 77 келі салмақта тағы бір отандасымыз Қаһарман Қысметов те қола медаль үшін күрескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовтан жеңіліп, жүлделі орынға іліне алмады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика