Сенбі, 6 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер бірнеше өңірде жауын-шашын, найзағай, тұман және қатты жел туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің оңтүстік өңірлерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Астана қаласында түнде тұман түседі.
Алматы қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Іле Алатауының таулы аймақтарында да күндіз найзағай жарқылдап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағаймен қатар бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Фото: Әлеуметтік желіден
