Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады •

    «Бұл – тірі тарих»: Алматыда QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясы» ашылды

    Алматыда «Тамырлас» жобасы аясында «Тәлімгерлер аллеясы» пайда болды. Енді әрбір ағашқа бекітілген QR-код арқылы ұстаздың өмірбаянымен танысуға болады.

    «Бұл – тірі тарих»: Алматыда QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясы» ашылды
    file_777.jpg

    Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тамырлас» атты бірегей жоба басталды. Ұстаздар мен оқушылар бірігіп, әр ағашында QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясының» іргесін қалады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қалалық білім басқармасы ұйымдастырған шара «Ұрпақтар аманаты — жасыл Алматы» ұранымен өтіп, 5 мыңнан астам педагогті, студент пен оқушыны біріктірді. Инновациялық шығармашылық орталығында қолға алынған бастама аға буынның тәжірибесі мен жастардың жігерін ұштастырған символдық кеңістікке айналды.

    Аллеяның басты ерекшелігі – әрбір ағашқа орнатылған арнайы тақтайша. Ондағы QR-кодты сканерлеу арқылы тәлімгердің өмір жолы мен кейінгі буынға қалдырған өсиетін оқуға болады. Осылайша жай ғана жасыл желек емес, ашық аспан астындағы рухани мұражай қалыптасты.

    «Бүгін біз «Тәлімгерлер аллеясының» негізін қаладық. Бұл – ұрпақтар арасындағы байланысты бекемдейтін игі іс. Жастар тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Егілген ағаш осы құндылықтың белгісі болсын, қаламыз көркейіп, ұрпағымыз парасатты азамат болып өссін», — деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.

    Шара барысында «Тәрбие талы» атты эстафета да өтті. Оған ардагер ұстаздар, жас мамандар мен мектеп көшбасшылары қатысып, аға буын өкілдері жастарға ақ батасын берді.

    «Бұл жай ғана көгалдандыру шарасы емес, бұл – тірі тарих қалыптастыру. Әрбір ағаштың иесі бар. QR-код арқылы оқушылар ұстаздардың өмір жолымен танысып, олардың өсиетін оқи алады. Бұл – цифрлық дәуірдегі рухани сабақтастықтың көрінісі», — деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Аралбаев.

    «Тамырлас» жобасы тек орталықпен шектелген жоқ. Қаладағы мектептер, балабақшалар мен колледждерде де көгалдандыру жұмыстары қатар жүрді. Ұстаздар мен шәкірттер бірлесіп, өз білім ордаларының ауласын абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →