Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді •

    «5 карат бриллиант»: Айнұр Тұрсынбаева атышулы Наркенжеге сақинасын сыйлады (ВИДЕО)

    «5 карат бриллиант»: Айнұр Тұрсынбаева атышулы Наркенжеге сақинасын сыйлады (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбектің дүбірлі тойында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға бағалы сыйлық жасады,  деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық  порталы.

    Той қызып жатқан сәтте Айнұр Тұрсынбаева әріптесі Наркенжеге ақ тілегін айтып, қолындағы сақиналарын ұсынған. Ол әншіге:

    «Саған да ұлыңды үйлендіру бұйырсын, бұл қуаныш жұғысты болсын!» – деген ниетпен таңдау жасауды өтінген.

    Наркенже Серікбаева әпкесінің ілтипатына таңданысын жасыра алмай, көпшіліктің алдында ризашылығын білдірді.

    «Өмір жолында, өнер жолымда жақсы адамдарды көп жолықтырдым. Жақсыдан шарапат деген, жақсылықтарын көрдім. Дана халқымыздың жақсы бір сөзі бар, жақсыға жанас, жаманнан адас деген… Сол жақсыларымның бірі де бірігейі- Айнұр әпкем. Айтыстың аңызы. Мыңдаған, миллиондаған жандарға жақсылық жасап, білгенімен бөлісіп, тамшыдай болса да талайларға қуаныш сыйлаған кең жүректі кісі. Стамбулға қаншама рет шақырып, өнерімді өрістеткен, самғауыма себепкер болған жақсы адамым! Сыйласына сырғасын, қимасына қолындағы барын бере салатын қазақтың жомарт қызы. Кешегі Алматыда өткен Жанболат-Жазира аға-әпкемнің тойында көрісіп, қуанып қалдық. Себепсіз БРИЛЛИАНТ сыйлап мәз қып қойды Алла пейіліңізге берсін! Аман жүріңіз! Алла жар болсын!»- деп жазды өнер иесі.

    Ақын Тұрсынбаева өзінің саусағындағы 5 караттық бриллиант сақинасын шешіп беріп, ақ батасын берді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →