Басты бет » Ақтөбе облысында жастар төбелесіп, 17 жастағы бозбала көз жұмды

Ақтөбе облысында жастар төбелесіп, 17 жастағы бозбала көз жұмды

Оқиға түнде Шалқар қаласында болған. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

– Жанжалға қатысқан барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түзсіз денені белгісіз адамдар ауруханаға апарған кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика