Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Ақтөбедегі жантүршігерлік қылмыс: күдікті мәйітті не үшін сөмкеге тыққан?

    Ақтөбеде мектеп маңындағы қоқыс жәшігінен торкөз сөмкеге салынған адам денесі табылған еді. Полиция кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.

    Ақтөбедегі жантүршігерлік қылмыс: күдікті мәйітті не үшін сөмкеге тыққан?
    file_671.jpg

    Ақтөбеде бірнеше күн бұрын мектеп маңынан торкөз сөмкеге салынған мәйіттің табылуына қатысты шулы іс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл жайт жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырған еді. Қоқыс контейнерлерінің жанында тұрған ауыр сөмкеден жағымсыз иіс шыққанын байқаған адамдар оның ішінде не барын білмеген.

    Полиция қызметкерлері күдіктіні бірнеше күн бойы іздеді. Нәтижесінде ол анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс ішімдікті бірге ішу кезінде болған. Екі ер адамның арасында жанжал туындап, соның салдарынан күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұққан. Осыдан кейін ол қылмыс ізін жасыруға тырысқан. Тергеу жалғасып жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →