Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Қоқыс иісі, су басу, тұрақ жоқ: Шымкентте 420 отбасы тұратын кешен проблемадан көз ашпай отыр

    Қоқыс иісі, су басу, тұрақ жоқ: Шымкентте 420 отбасы тұратын кешен проблемадан көз ашпай отыр
    Фото: видеодан скрин

    Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан «Жас Отау Тұлпар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше мәселенің шешілмей келе жатқанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, қоқыс жәшіктері 229/2 үйдің дәл түбіне қойылғандықтан, жағымсыз иіс шығып, санитарлық жағдай қиындаған. Тұрғындар контейнерлерді тұрғын үйлерден алысырақ жерге көшіруді және санын көбейтуді сұрайды.

    Сонымен қатар жаңбыр жауған сайын көпқабатты үйдің жертөлесіне су жиналады. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанғанын айтқан тұрғындар су өтпейтіндей нақты шешім қабылдауды талап етеді.

    Кешенде 420 отбасы тұрғанымен, көлік қоятын орын жеткіліксіз. Тұрғындардың айтуынша, бөлек автотұрақ қарастырылмаған, сондықтан көліктер аулаға тығыз қойылып, қозғалыс қиындап кеткен.

    Бұдан бөлек, Таскесу мен Мұстафа Шоқай көшелерінің қиылысында жол қозғалысы дұрыс ұйымдастырылмаған. Бағдаршам жоқ, көлік көп, ал бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады.

    Тұрғындар бұл мәселелер бойынша құрылыс компаниясына да, 717 байланыс орталығына да хабарласқанын айтады. Алайда әзірге нақты нәтиже жоқ. Үлкен тұрғын үй кешені пайдалануға берілгенімен, инфрақұрылым толық реттелмеген.

    Қала әкімдігі мен жауапты мекемелер мұндай шағымдарға дер кезінде назар аудармаса, жаңа үйлердің сапасына қатысты сұрақ көбейе беретіні анық.

    Видео: @kritika_shymkent

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →