Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстанда жазда Парламент сайлауы өтеді: Тоқаев жаңа талап қойды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін және 15 наурыз Конституция күні болып белгіленетінін мәлімдеді.

    Қазақстанда жазда Парламент сайлауы өтеді: Тоқаев жаңа талап қойды
    file_652.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жазда Парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 15 наурызды Конституция күні деп белгілеу туралы шешімді жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы еліміздің Ата заңына жоғары баға беріп, оны әлемдегі ең үздік конституциялардың бірі екенін атап өтті.

    «Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», — деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар президент алдағы Парламент сайлауының маңызына тоқталып, оған жастардың белсенді қатысуы керектігін меңзеді.

    «Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →