Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді

    Референдум қорытындысы: Қазақстандықтардың 87%-ы Конституцияны қолдады

    Қазақстанда өткен республикалық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Экзитпол нәтижесіне сәйкес, халықтың 87%-ы жаңа Конституцияны қолдады.

    Референдум қорытындысы: Қазақстандықтардың 87%-ы Конституцияны қолдады
    file_651.jpg

    Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум аяқталып, алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілетін түзетулерді қолдаған. Мәселен, алғашқы экзитпол қорытындысы бойынша, референдумға қатысушылардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деген жауапты таңдаған.

    Ал «Социс-А» зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бұдан да жоғары көрсеткішті көрсетті.

    «Сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді», — делінген зерттеу қорытындысында.

    Ресми деректер бойынша, жалпыхалықтық дауыс беруге ел азаматтарының 75,3%-ы қатысып, белсенділік танытқан.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →