Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды •

    Павлодарда қырылған мал: Баянауылда ондаған қой далада қатып өлді

    Павлодарда қырылған мал: Баянауылда ондаған қой далада қатып өлді

    Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылы маңында қатты боран мен аяз салдарынан далада қалған қойлардың үсіп, қырылғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда қар астында жатқан малдың көптеп өлгені анық көрінеді. Ауа райының күрт нашарлап, боранның күшеюі салдарынан мал далада қалып қойғаны айтылып жатыр.

    Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайдың алдын алуға болатын еді деп наразы. Олардың сөзінше, ауа райы туралы ескертулер алдын ала берілген, бірақ соған қарамастан малды қауіпсіз жерге көшіру немесе ұйымдастыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген.

    Бұл жағдай ауыл шаруашылығы саласындағы бақылаудың әлсіздігін тағы көрсетті. Төтенше жағдай кезінде малды қорғау, шаруаларға ескерту жасау және нақты көмек көрсету жергілікті билік пен жауапты мекемелердің міндеті. Алайда болған жағдайдан кейін ғана мәселе көтеріліп отыр.

    Қазір әлеуметтік желі қолданушылары «мал да, еңбек те далада қалды», «алдын ала неге шара болмады?» деп сұрақ қойып жатыр. Мұндай шығынның қайталанбауы үшін нақты жауапкершілік болуы керек деген пікір көбейген.

    Видео: ulytau_inside

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →