Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды •

    Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

    Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

    Фото: Майк Хевитт | Getty Images

    Турнир аяқталған соң Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№3) АҚШ-та Indian Wells Open турнирінің төртінші айналымында Ұлыбритания теннисшісі Сонай Карталға (№54) қарсы ойында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Картал жарақатқа байланысты ойынды жалғастыра алмады. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші келесі кезеңге жолдама алды.

    Рыбакина енді ширек финалда америкалық Джесика Пегулаға қарсы ойнайды. Кездесу 13 наурызда таңғы сағат 5:00-де өтеді.

    Турнирдің жалпы жүлде қоры 18,8 млн доллар (шамамен 9,4 млрд теңге). Жеңімпаз 1,2 млн доллар (шамамен 585 млн теңге) сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →