Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді •

    Щучинскідегі «Палау орталығы»: дәрігерлер тағы екі адамды аман алып қала алмады

    Щучинск қаласындағы "Палау орталығында" болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 11-ге жетті.

    Щучинскідегі «Палау орталығы»: дәрігерлер тағы екі адамды аман алып қала алмады
    file_620.jpg

    Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Ауруханада ауыр халде жатқан тағы екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Ведомствоның ақпаратынша, дәрігерлер олардың өмірі үшін соңына дейін күрескенімен, жарақаттары тым ауыр болған.

    «Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, Щучинскідегі жарылыстан қатты зардап шеккен тағы екі науқас қайтыс болды. 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөліміндегі бір азамат, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасында ем алып жатқан тағы бір әйел өмірден озды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →