Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Әлімханұлы допингпен ұсталды: бірақ чемпиондық белбеуі сақталады

    Допинг дауы: WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бір жылға спорттан шеттетілді. Бірақ ол чемпиондық атағын сақтап қалады.

    Әлімханұлы допингпен ұсталды: бірақ чемпиондық белбеуі сақталады
    file_536.jpg

    Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданғаны үшін бір жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Спортшының Эрисланди Ларамен өткізілуі керек болып, кейін өтпей қалған жекпе-жегі алдында тапсырған сынамасынан мельдоний препараты табылған. Шеттету мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі.

    Алайда WBO дисквалификацияға қарамастан, Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық титулын сақтап қалатынын мәлімдеді.

    Қазақстандық боксшы рингке шықпайтын уақытта ұйым Дензел Бентли мен Эндри Сааведра арасында уақытша белбеу үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.

    Шеттету мерзімі аяқталған соң Жәнібек Әлімханұлы осы жұптың жеңімпазымен белбеу біріктіру жекпе-жегін өткізуге міндетті болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →