Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Тек жеңіл комедия көреміз»: Балаева кинотеатрларға қатысты шындықты айтты

    «Қазақфильмге» 2,8 млн теңге айыппұл салынды. Министр Аида Балаева кинотеатрлар неге тек комедия көрсететінін түсіндіріп, жағдайды өзгерту жолдарын ұсынды.

    «Тек жеңіл комедия көреміз»: Балаева кинотеатрларға қатысты шындықты айтты
    file_534.jpg

    Еліміздің бас киностудиясы «Қазақфильмге» ірі көлемде айыппұл салынса, ірі кинотеатрлар желісі «Kinopark» монополиялық әрекеті үшін тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақфильм» АҚ-ын 2,8 миллион теңгеге жуық айыппұлмен жазалады. Оған киностудияның тексерушілерге қажетті есептерді уақытында бермеуі немесе жалған мәлімет ұсынуы себеп болған.

    Одан бөлек, Алматыда «Kinopark» компаниясына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Олар қала нарығының 40%-ға жуығын иемденіп, өздерінің үстемдігін пайдалана отырып, фильмдерді кімге және қандай шартпен көрсететінін, жарнамаға қанша қаражат жұмсау керектігін өздері белгілеген деп күдіктелуде. Жақында тиісті шаралар қабылданады.

    Бұл жағдайлар кино саласындағы жүйелі мәселелерді тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды. Неліктен қазақстандық көрерменге көбіне тек «жеңіл» комедиялар көрсетіледі?

    Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді. Оның айтуынша, мәселенің бірнеше себебі бар.

    «Кинотеатрлар – бұл жеке бизнес. Оларға адамдардың көп келетініне кепілдік беретін ойын-сауық фильмдерін көрсету тиімді. Қазіргі таңда мемлекет ұлттық маңызы бар күрделі фильмдерді көрсеткені үшін кинотеатрларға қаржылай қолдау көрсетпейді. Соңғы 5 жылда елімізде жаңа кинозалдардың саны да артпады», — деп мойындады министр.

    Осы мәселелерді шешу үшін үкімет бірнеше нақты қадамды қолға алмақ. Атап айтқанда, кинотеатрларды заң бойынша қазақстандық киноға арнайы уақыт бөлуге міндеттеу, шағын қалаларда (моноқалаларда) жаңа кинозалдар ашу және ауылдық мәдениет үйлеріне арналған жылжымалы экрандар мен проекторлар сатып алу жоспарланып отыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →