Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Ерлан Көкеев «АБК» тобының құрылу тарихын ашты • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды •

    Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің жаңа жылымен құттықтады

    Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің жаңа жылымен құттықтады
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

    «Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын», – деп жазылған жеделхатта.

    Президент ҚХР төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →