Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Аузыңыздағы жағымсыз иіс: дәрігер оның қауіпті белгі екенін ескертті

    Дәрігер ауыздан шығатын жағымсыз иістің себептерін түсіндірді. Ол тек гигиенаға ғана емес, ішкі ағзалардың ауруына да байланысты болуы мүмкін.

    Аузыңыздағы жағымсыз иіс: дәрігер оның қауіпті белгі екенін ескертті

    Ауздан жағымсыз иіс шығуы (галитоз) – жай ғана ыңғайсыздық емес, денсаулықтағы кінәраттың маңызды белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Гастроэнтеролог Инга Колесниктің айтуынша, 80-90% жағдайда мәселе тікелей ауыз қуысының гигиенасына байланысты болады. Яғни, бұл жай ұялатын жағдай емес, назар аударуды қажет ететін белгі.

    Негізгі себептер: тілдегі өңез, тісжегі, қабынған қызыл иек, дұрыс салынбаған протездер және тамақ қалдықтары.

    Алайда, егер ауыз қуысының тазалығы мінсіз болса, жағымсыз иіс мұрын-жұтқыншақ, өкпе немесе басқа да ішкі ағзалардың ауруынан хабар беруі ықтимал. Сондықтан дәрігер бұл мәселеге жеңіл қарамауға кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →